USD
USD
USD

Дональд Трамп Қазақстанға жеделхат жолдады

Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Дональд Трамп Қазақстанға жеделхат жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеделхатта Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және барша халқымызды ел тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және өркендеу жолында отыз жылға жуық уақыт көш бастап келе жатқанын Президентпен бірге атап өтуге қуанышты екенін жеткізген.

«Биылғы жыл бұған дейін бұрын-соңды болмаған жаһандық сынақтарды алдымызға тосты. Бірақ біздің серіктестігіміз бұл сынаққа төтеп берді. Кеңейтілген стратегиялық серіктестігіміздің шеңберінде біз COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастығымыздың барлық бағыттарында оң нәтижеге қол жеткіздік. Америка халқының атынан Қазақстан халқына алдағы жылы денсаулық пен бақ-береке тілеймін», – делінген АҚШ Президентінің жеделхатында. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy