USD
USD
USD

Дональд Трамп Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Дональд Трамп Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

АҚ ҮЙ ВАШИНГТОН

20 наурыз 2020 ж.

Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевқа

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұр-Сұлтан қ.

Құрметті Президент мырза, Сізге, Сіздің отбасыңызға және Қазақстан халқына қуанышты да бақытты Наурыз тілеймін. АҚШ-та, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі бола отырып, адамдарды достыққа біріктіретін мейрам.

Биылғы жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің американдық бизнес үшін қолайлы болып табылатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін.

Наурыз құтты болсын! Ізгі тілекпен, Дональд Трамп.

 

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева