USD
USD
USD

Дональд Трамп Қазақстанға баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойды

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға 25 пайыздық баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. 

Дональд Трамп
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тізімде Қазақстаннан бөлек 60-тан астам мемлекеттің аты аталады. Олардың қатарында Үндістан, Түркия, Израиль, Молдова, Швейцария, Вьетнам, Оңтүстік Корея және Еуродақ елдері бар. Бұл елдерге 15 пайыздан 41 пайызға дейін баж салығы енгізілген. Қазақстанға 25 пайыздық кедендік тариф қолданылмақ. Бұл туралы 2025 жылғы 31 шілдеде Ақ үй сайтында жарияланған жарлықта жазылған.

CNN мәліметінше, баж салығы 7 тамызда күшіне енеді. Себебі кедендік және шекара қызметіне қатысты өзгерістерді енгізуге уақыт керек.

"2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан АҚШ-қа жөнелтілетін барлық тауарға салалық баждардан тыс жалпы 25 пайыздық кедендік тариф енгізілетін болады", – делінген құжатта.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер