USD
USD
USD

Дональд Трамп Израиль мен Иранның келісімге келгенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран 12 күнге созылған соғысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді.Оның айтуынша, бітім 24 сағаттан кейін ресми түрде күшіне енеді.

Т
Фото: Nathan Howard / Reuters

Алматы, NEGE. Саясаткердің айтуынша, алғаш болып атысты Иран тоқтатады, ал Израиль дәл осындай қадамды 12 сағаттан кейін жасайды.

«Баршаңызды құттықтаймын! Израиль мен Иран толық әрі жалпы атысты тоқтатуға келісті: шамамен алты сағаттан кейін, екі тарап өздерінің соңғы операцияларын аяқтаған соң, 12 сағатқа оқ атпау режимі енгізіледі. Осыдан кейін соғыс аяқталды деп есептелетін болады», – деп жазды Трамп.

Трамп сондай-ақ соғысты тоқтатуға  батылдық танытқаны үшін Израиль мен Иранға алғысын білдірді. Ол бұл қақтығыс жылдарға созылып, бүкіл Таяу Шығысты күйретуі мүмкін еді, бірақ бұл жағдайға жол берілмеді деп қосты.

Алайда Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи қазіргі таңда атысты тоқтату немесе әскери іс-қимылдарды доғару жөнінде ешқандай келісім жоқ деп мәлімдеді. Сонымен бірге ол Иран армиясы әскери операцияларын жергілікті уақыт бойынша таңғы 4:00-де тоқтатқанын хабарлады.

Ал Израильдің қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) өкілі 24 маусым күні таңертең атысты тоқтату туралы ақпаратқа байланысты пікір білдіруден бас тартты.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров