USD
USD
USD

Дональд Трамп Илон Маскқа жаңа қызмет ұсынды

 Дональд Трамп миллиардер Илон Маск пен бизнесмен Вивек Рамасвамиге АҚШ-тың жаңа үкіметтік тиімділік департаментін (DOGE) басқаруды ұсынды. 

Дональд Трамп Илон Маск
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Трамп жариялаған мәлімдемеде айтылған.

«Осы екі ұлы адам бірігіп, менің әкімшілігімде мемлекеттік бюрократияны жоюға, артық ережелерді, ысырап болған шығындарды қысқартуға және федералды агенттіктерді қайта құрылымдауға жол бастайды», - деді Трамп мәлімдемесінде.

Жаңа департамент үкіметтен тыс кеңестер береді. Сондай-ақ, Ақ үймен және бюджеттік кеңсемен «ірі құрылымдық реформаны» жүргізу және үкіметке «бұрын болмаған» кәсіпкерлік көзқарасты қалыптастыру үшін жұмыс істейді.

Илон Маск пен Вивек Рамасвами бұл қызметті 2026 жылдың шілдесіне дейін атқаратыны айтылған. 

Жаңа департаменттің DOGE атауы Илон Масктың Dogecoin криптовалютасымен сәйкестендіріп алынған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер