27 Қазан 15:32
...

Доминиканың 1,2 миллионнан астам тұрғыны ауызсусыз қалды

Доминика
Фото: ғаламтордан
«Мелисса» дауылының салдарынан Доминикан Республикасында 1,2 миллионнан астам адам таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр, деп жазды ТАСС агенттігі Prensa Latina басылымына сілтеме жасап. 

Алматы, NEGE. Мәліметтерге сәйкес, дауылдың салдарынан 63 су жүйесі зақымданған, ал 1,27 миллионнан астам тұрғын ауызсудан уақытша ажыратылған.

Республиканың төтенше жағдайлар орталығының директоры Хуан Мануэль Мендес хабарлағандай, табиғи апаттан 260-тан астам үй бүлініп, шамамен 1,4 мың адам баспанасыз қалған.

Соңғы бірнеше күнде Доминиканың аумағына жақындаған дауыл қатты жел мен нөсер жауынға ұласып, ағаштардың құлатып кеткен.

Қазіргі таңда төрт провинцияда жоғары дайындық режимі сақталып отыр. Ал қалған 28 провинцияда, ауа райының жақсаруына байланысты, 27 қазаннан бастап жұмыс пен оқу процесі қайта жанданады.

Куба метеорология институтының (Insmet) мәліметінше, дауыл соңғы 12 сағат ішінде күшейіп, Ямайканың оңтүстігіне қарай жақындап келеді.

Ямайка билігі астана Кингстонды қоса алғанда, бірнеше ауданнан халықты эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

Куба президенті Мигель Диас-Канель де аралдың шығыс аймағынан мыңдаған адамды эвакуациялау басталғанын мәлімдеді. Бұл бағытқа, синоптиктердің болжамынша, дауыл жылжи түспек.

АҚШ Ұлттық дауылдарды бақылау орталығының 26 қазандағы ақпаратына сәйкес, Атлант мұхитында қалыптасқан «Мелисса» дауылы Саффир — Симпсон шкаласы бойынша төртінші категорияға дейін күшейген.

Гаити мен Ямайканың кей аймақтарында су тасқыны мен көшкін қаупі жарияланды.