USD
USD
USD

Доллар саудасы бес есе азайды

Қазақстанның айырбас пункттерінде АҚШ долларын сату-сатып алу сәуір айында наурызға қарағанда бес есе қысқарған, Т35,89 млрд дейін, деп хабарлады Ұлттық банк.

Доллар саудасы бес есе азайды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Сәуір айында ҚР айырбас пункттері  қолма-қол АҚШ долларын сату-сатып алуды наурыз айымен салыстырғанда бес есе қысқарған - Т178,5 млрд.-тан Т35,89 млрд. дейін», - делінген сейсенбіде ҚР Ұлттық банк сайтында орнастырған есебінде.
Сонымен қатар, қолма-қол АҚШ долларын сату-сатып алу көлемі өңірлер бойынша да әр түрлі көрініс тапты.
Мәселен, АҚШ доллары Шымкентте ең көп сатылған-сатып алынған – Т8 млрд. Алматыда – Т5,5 млрд, Маңғыстау облысында –Т4,6 млрд.
Еуроға қатысты операциялар сәуірде 1,9 есе қысқарған, Т2 млрд. дейін, ресейлік рубль – төрт есе, Т13 млрд. дейін, британдық фунт стерлингі – төрт есе, Т49 млн. дейін, қытайлық юань – 343 есе, Т1,7 млн. дейін.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков