USD
USD
USD

Доллар индексі көтерілді

Инвесторлар Ақ үй басшысы Джо Байденнің бюджеттік шығындар пакеті туралы мәліметін күтіп отыр. 29 қаңтардағы еуропалық сауда қорытындысы бойынша доллар индексі өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Доллар индексі көтерілді
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Оның негізгі алты валютағы қатысты бағамы 0,3%-ға артып, 90,690-ға дейін жетті. АҚШ акцияларының фьючерстері, керісінше, күрт арзандады. Уолл-стриттің негізгі қор индекстері қазан айынан бергі ең төмен көрсеткіштерге ие болды. Қор индекстерінің құбылмалылығы салдарынан АҚШ валютасына деген сұраныс артты. Сонымен қатар доллар индексінің өсуіне Құрама Штаттар экономикасына қатысты деректер әсер етті. АҚШ-та жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді. Елдің ЖІӨ төртінші тоқсанда 4,0%-ға артты. Инвесторлар Ақ үй басшысы Джо Байденнің бюджеттік шығындар пакеті туралы мәліметін күтіп отыр. Мемлекет басшысы бұған дейін экономиканы ынталандыруға 1,9 трлн доллар бөлетінін жариялаған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы

Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексерілді: не анықталды?

бензин сапасы

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу уақыты екі есеге қысқарады

ЖИ

Пәкістанда перзентханада өрт шығып, 15 сәби көз жұмды

Пәкістандағы өрт