Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Докторантураға қабылдау электрондық форматта болады

 Докторантураға қабылдау электрондық форматта, ал диссертацияларды қорғау онлайн-режимде жүргізіледі.

Докторантураға қабылдау электрондық форматта болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналында жарияланды. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсу ережелері өзгертілді. Енді докторантураға қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде тиімділігін көрсетті», - делінген министрлік мәліметінде.

Сонымен қатар, пандемияға байланысты студенттер мен магистранттарға қорытынды жұмыстарын онлайн форматта қорғауға рұқсат етілді. Егер дипломдық жұмыс немесе магистрлік диссертация онлайн форматта қорғалған болса, студенттерден «мөр» мен «қолтаңба» талап етудің қажеті жоқ. «Мұнымен қоса, енді барлық докторлық диссертация желіде трансляциялау арқылы онлайн-режимде қорғалатын болады. Бұл ғылыми жұмыстарды қорғау рәсімінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді», - деп аталып өткен хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық

Маңғыстауда кәсіпкер салынып қойған нысан құрылысына 117 млн теңге субсидия алған

Ақша

Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі берілген өтемақыны қайда жұмсағанын айтты

Әділет Зейнел

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев