USD
USD
USD

Дохадағы әлем кубогі: Нариман Курбанов пен Милад Карими финалға өтті

Бүгін Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогінің соңғы кезеңі өтуде. Іріктеу кезеңінен соң бірнеше 4 қазақстандық гимнаст финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Гимнастика
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Гимнастикалық ат снарядында Нариман Курбанов іріктеуден екінші орын алып, финалға өтті. Ол 15.033 ұпай жинаған.

Милад Карими мен Дмитрий Патанинеркін жаттығудан ақтық сынға өтті. Карими іріктеуді бірінші, Патанин үшінші орынмен аяқтаған.

Әйелдер арасында Аида Бауыржанова да көзге түсті. Ол қол тіреп секіруден финалға жолдама алған сегіз спортшының қатарына енді.

Айта кетелік, Дохадағы әлем кубогі кезеңінде Нариман Курбанотың Париж Олимпиадасына жолдама алу мүмкіндігі мол. Оған төртжылдық додасына бару үшін Катар төрінде үздік үштіктен көріну керек. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы - тайпейлік Ли Чи Кай.

Ал Милад Карими лицензия мәселесін былтырғы әлем чемпионатында шешіп қойған болатын.

Дохадағы әлем кубогі кезеңінде ерлерден 12, әйелдерден 8 спортшы Париж Олимпиадасына жолдама алады.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net