Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Днепрде Қазақстан консулдығы ашылды

6 шілде күні Украинаның Днепр қаласында Қазақстан Республикасының Днепропетровск облысындағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Украинадағы Қазақстан Елшілігінің Telegram парақшасы.

Днепрде Қазақстан консулдығы ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Украинаның Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин Украинаның ең ірі өндірістік өңірі – Днепропетровск облысындағы Қазақстанның құрметті консулдығының ашылуы маңызды екенін айтты. Днепропетровск облысы Қазақстан Республикасымен бұрыннан дәстүрлі жақын қарым-қатынаста. Қазақстан Республикасының елшісі Дархан Кәлетаев Украинадағы Қазақстанның құрметті консулдары институтының жұмысын жоғары бағалады.

Институт пандемия кезінде қиын жағдайға душар болған Қазақстан азаматтарына барынша көмек көрсеткен. Ол құрметті консулдықтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының туған күнінде ашылғанының мәні бар екенін айтты. «Ол үшін Украина жері мен Днепропетровск облысы – бөтен жер емес. Дәл осы жерде болашақ Қазақстан Көшбасшысының еңбек жолы басталған», – деді қазақстандық дипломат.  

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық