USD
USD
USD

Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 338-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тағы Палм-Коуст ITF турнирінің финалына шықты.

Теннис
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Турнирдің 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 440-орында тұрған румыниялық Габи Адриан Бойтанмен жолықты.

Д.Попко қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Матч бір сағаттан астам уақытқа созылды.

Дмитрий Попко финалда әлемнің 601-ракеткасы, америкалық Алекс Рыбаков немесе рейтингіде 650-сатыдағы эквадорлық Андрес Андраденің қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазақстандық спортшы бір апта бұрын Флорида штатындағы дәл осындай Санрайз додасының финалында А.Рыбаковты 7:5, 6:2 есебімен ұтып, чемпион атанған еді.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев