USD
USD
USD

Дмитрий Баландин Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды

Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының кезектен тыс конференциясы барысында ұйымның бас хатшысы қызметіне жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин тағайындалды.

Дмитрий Баландин
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Сергей Дроздовтың бас хатшы ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін конференция қатысушылары Баландиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

"Дмитрий Баландиннің тағайындалуы – оның спорттағы орасан зор жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар федерацияны жаңғырту мен институционалдық тұрғыдан нығайтудың маңызды қадамы. Біз оның кәсібилігі мен беделі еліміздегі су спорты түрлерінің дамуына үлкен үлес қосады деп сенеміз", – деді Федерация президенті Нұрлан Жақыпов.

Дмитрий Баландин – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Азия ойындары мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. 2021 жылдан бастап ол жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасында жаттықтырушы және кеңесші ретінде белсенді жұмыс істеп келеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер