USD
USD
USD

Дмитрий Попко Прагадағы челленджер турнирінің финалына шықты

Қазақстандық Дмитрий Попко Прагадағы челленджер турнирінің финалына шықты.

Дмитрий Попко Прагадағы челленджер турнирінің финалына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, дүниежүзілік рейтингте 181-орында тұрған, осы жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген Д.Попко жартылай финалда аргентиналық Факунда Менамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 16 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен айқын басымдылықпен ұтты. Д.Попко ойын барысында 4 эйс, 5 брейкке қол жеткізді. Ф.Мена бір ғана брейкпен шектелді.

«Бүгін жақсы доп беріп, тез қимылдадым. Бұл маған жеңіске жетуіме мүмкіндік берді. Ертең чехиялық теннисшімен өтетін финалдық бәсеке оңайға түспейді. Өйткені ол топырақ төсенішінде керемет ойнайды, корт та жақсы таныс. Дегенмен мен де бар күшімді салатын боламын», - деді Д.Попко.

Осылайша қазақстандық теннисші спорттық жолында екінші рет челленджер додасының финалына шығып отыр. Д.Попко финалда чехиялық Далибор Сврчинамен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors