USD
USD
USD

Дмитрий Легкий Мәжіліс депутаты болды

Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Халық партиясының» мүшесі Дмитрий Легкийді Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді.

Дмитрий Легкий Мәжіліс депутаты болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дмитрий Максимович Легкийге берілсін. Ол Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Оған белгiленген үлгiдегi тиiстi куәлiк пен төсбелгi табыс етiлсiн», делінген ОСК қаулысында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттары Орталық сайлау комиссиясының Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысын қолдаған еді. Айбек Паяев өз өкілеттігін тоқтату туралы арыз берген болатын. Айта кетейік, Айбек Паяев «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты болған.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов