USD
USD
USD

Дизель отыны мен алкогольді заңсыз сатып келген

Атырау облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз саудасының жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Дизель отыны мен алкогольді заңсыз сатып келген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облысының Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен 2022 жылдың маусым айында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 2 жеке тұлға 1300 литр алкоголь өнімдерін және 2500 литр дизель отынын заңсыз жолмен сатқаны анықталды.

Іс материалдары Жылыой аудандық сотына жолданды.

Жалпы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысы бойынша 139 мың литр дизель отынының, 338 мың литр бензиннің, 4 мың литр алкоголь өнімдерінің және 260 қорап темекі өнімдерінің заңсыз саудасының жолы кесілген.

Көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ОСК, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық сот төрағаларын қайта тағайындады

Әбдіров, Смайылов, Әзімова

Үндістанда қамауға алынған танкерде қазақстандық теңізші де бар болып шықты

Танкер

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы атыс: полиция мән-жайды түсіндірді

Полиция көлігі

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы