USD
USD
USD

Дизель қоры 31 күнге жетеді– Энергетика министрлігі

Орақ науқанында Қазақстанның барлық 18 облысындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 426 мың тонна дизель отынын жеткізу жоспарланған, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Дизель қоры 31 күнге жетеді– Энергетика министрлігі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE."Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілердің қажеттілігін бірінші кезекте өтеп жатыр", - деп атап өтті ведомство.

Дизель отыны операторлардың сұранысына сәйкес дер кезінде жөнелтіліп жатыр, деп толықтырды министрлік.

"Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынының литрі 250 теңгеден сатылады, бұл жанармай құю бекетіндегі бағадан (295 теңге/литр) 18 пайызға төмен ", - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Ведомство дизель отынының жалпы қоры (мұнай базаларындағы, жолдағы және мұнай өңдеу зауыттарындағы) еліміздің 31 күндік сұранысын қанағаттандыратынын, яғни ауыл тұрғындарының қажеттілігін өтеуге дизель қоры жеткілікті екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс