USD
USD
USD

Дизель арзандады

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов фермерлер үшін көктемгі дизельдің бағасы қанша болатынын айтады.

Дизель арзандады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «Облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына көктемгі егіс жұмыстары үшін дизель отынын жеткізу бойынша бекіту графигін» бекітеді. Оның шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қажеттілік 400,26 мың тонна көлемінде бекітілді», - деді Энергетика министрі.

Айтуынша, бұл бекітілген график Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларына және Энергетика министрлігінің атынан ресурс ұстаушыларға жіберілген.

Сондай-ақ, ол биыл фермерлерге қажет дизельдің құны қандай болатынын айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын жеткізуге қатысатын негізгі ресурс ұстаушылармен кеңестер өткізді, олардың қорытындысы бойынша 2022 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынына ұсынылатын баға тоннасына 212 мың теңгені құрайды. Басқаша айтатқанда, бұл бір литріне 176 теңге деген сөз. Жеткізу мен сақтауды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін болжамды баға шекті бекітілген бөлшек сауда бағаларынан төмен. Бұл бұл орташа алғанда 15%дан 30%-ға дейін арзан. Айта кету керек, Энергетика министрлігінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін дизель отынына арзандатылған бағаларды заңнамалық бекіту құзыреті жоқ. Ауыл шаруашылығының мұқтаждықтары үшін дизель отынының құны жанар-жағармай материалдары нарығына қатысушылармен келісім жолымен айқындалады және мұнай өнімдерін ресурс ұстаушылардың өздері ерікті түрде белгілейді. Министрлік көктемгі егіс жұмыстарын тұрақты жүргізу үшін жан-жақты шаралар қабылдауда», - деді Болат Ақшолақов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев жойқын жер сілкінісіне байланысты Венесуэла халқына көңіл айтты

Наурыз мейрамы

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ