USD
USD
USD

Директорға тіл тигізген жүкті әйелге 465 мың теңге айыппұл салынды

 Fаcebook әлеуметтік желісі арқылы жалпы орта мектеп директоры жемқорлықты белшесінен басып отырғанын айтып, басшы болуға лайықты емес деп жазба жариялаған әйел сот алдында жауап берді, деп хабарлайды otyrar.kz.

f
Фото: otyrar

Түркістан, NEGE. Түлкібас аудандық сотында жала жабу бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, істеген әрекеті үшін кешірім сұраған.

Жәбірленуші мектеп директоры әкімшілік хаттамада көрсетілген уәжді толық қолдаған. Яғни, Fаcebook желісі арқылы жариялаған мәліметтер ар-намысы мен қадір қасиетіне нұқсан келтіретіндігін, ол мәліметтер шындыққа жанаспайтынын айтып, құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3 бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 465 192 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

«Сот құқық бұзушының шын ниетпен өкініш білдіруін, жәбірленуші мен соттан кешірім сұрауын, жас отбасы екенін, жүктілігін ескерді. ӘҚБтК-нің 829-11-бабы 2-бөлігіне сәйкес, салынатын әкімшілік айыппұл сомасын 30%-ға қысқартқан. Негізі аталған бапта көзделген айыппұл мөлшері 180 АЕК, яғни 664 560 теңгені құрайды»,-делінген облыстық сот мәліметінде.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов