USD
USD
USD

Дипломаттар ядролық сынақ құрбандарын еске алды

Бельгияда жергілікті және қазақстандық дипломаттар ядролық сынақтан қаза тапқан қазақстандықтарды еске алды.

Дипломаттар ядролық сынақ құрбандарын еске алды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Шара Ипр қаласында өтті. Айта кетейік, бұл шаһардағы ядролық сынақ құрбандарына арналған ескерткішті Бельгия Корольдігіне 2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарту ектен.  Ядролық сынақ құрбандарына арналған ескерткіштің Ипр қаласында бой көтеруі тегін емес. Дәл осы шаһарда 1915 жылы әлемде алғаш рет газ тәріздес жаппай қырып-жою қаруы қолданылған. 2012 жылы Ипр мен Семей «Әлем шаһарларының әкімдері бейбітшілік үшін» деп аталатын халықаралық ұйымға қабылданды. Сондықтан құрбандарды еске алу шарасы Бельгияның осы қаласында ұйымдастырылды.   

 Шараға қатысушыларға «The Atom Project» атты қазақстандық деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ Семейдегі ядролық сынақ құрбандарына арналған көрме ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев