USD
USD
USD

Дипломат үгіт-насихатшылардың жетегінде кетпеуі керек – Қошанов Бородавкиннің сұхбаты жайында

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжіліс отырысынан кейін журналистерге Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің берген сұхбатына қатысты пікірін білдірді.

Дипломат үгіт-насихатшылардың жетегінде кетпеуі керек – Қошанов Бородавкиннің сұхбаты жайында
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Елшінің сұхбатының кей тұстары оның мәртебесіне сай келмейді әрі пайда әкелмейді деп ойлаймын. Бородавкин мырза өте тәжірибелі дипломат, ол үгіт-насихатшылар мен саясаттанушылардың жетегінде кетпеуі керек», – деп жауап берді Қошанов елшінің мәлімдемесіне қатысты қойылған сұраққа.

«Екіншіден, ксенофобия Ресейде де және басқа елдерде де бар. Саясаткерлеріміздің мәлімдемелері екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтірмеуі үшін біз мемлекеттеріміздің игілігі жолында бірге жұмыс істеуіміз керек», – деді Мәжіліс Төрағасы.

Еске сала кетейік, кеше Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазақстандағы радикалды ұлтшылдар мен русофобия туралы айтып, Ресейдің олармен күреске «көмек беруге дайын» екенін мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық