USD
USD
USD

Діни шараларды өткізерде әкімдікке хабарлау керек

Ақпарат министрлігі Діни әдебиетті, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау туралы нұсқаулыққа өзгеріс әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Діни шараларды өткізерде әкімдікке хабарлау керек
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Атап айтсақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды.

Стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекіту мен ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарау кезінде келесі жағдайларға:

 - өтініш берушінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 7-1-бабына сәйкес ұсынған құжаттарына;

- үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық-географиялық ерекшеліктеріне;

- үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың діни ахуалына;

- стационарлық үй-жайлар мен діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасқан жеріне мұқият назар аударылады.

Бұған дейін діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орны әкімдіктермен келісілетін.

Бұйрық жобасы АшықНҚА сайтында 10 тамызға дейін талқылау үшін жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия