Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Діни басқарма Құрбан айтқа байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы карантин жағдайында Құрбан айтты атап өту тәртібін түсіндірді.

Діни басқарма Құрбан айтқа байланысты мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл сауалға басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жауап берді. Оның сөзінше, екі апталық карантин шаралары ұзартылса, мешіттерде айт намазы оқылмайды. Биыл Құрбан айт 31 шілдеге, яғни жұма күнге түсіп тұр. 

«Естеріңізде болса, өткен Ораза айт кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы нақты шаралар қабылдап, Ораза айт намазы оқылмаған. Осы жолы карантин созылатын болса, өкінішке қарай, біз айт намазын мешіттерде оқи алмаймыз», - деді Оңғаров. 

Наиб мүфти құрбандық малын қашықтан да шалуға болатынын жеткізді.

«Тапсырыс беру арқылы орындаса да болады. Біз осыған жағдай жасауға тырысамыз. Әрине, ол жерде әкімдіктің тарапынан да реттеу жұмыстары болады. Ал құрбандық шалудың уақытына келетін болсақ, биыл 31-не болжанып отыр. Сол күні таңнан үш күн бойы күн батқа дейін шалуға болады», - деп түсіндірді басқарма төрағасының орынбасары. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш