USD
USD
USD

Діни әдебиет сатқан 11 адам айыппұл төледі

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік желіге діни мазмұндағы бейне-аудиожазбаларды орналастырып, таратқаны үшін және діни әдебиетті сатқаны үшін 11 адам әлеуметтік жауапкершілікке тартылды.

Діни әдебиет сатқан 11 адам айыппұл төледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығының тұрғынына діни әдебиетті сатқаны үшін 130 мыңнан астам айыппұл төлеуге тура келеді. Петропавл қаласының Мамандандырылған соты оған айыппұл түріндегі жаза кесті. Діни әдебиетті тиісті рұқсатсыз таратқан оны СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады. «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни сипаттағы аудио-бейне материалдарды орналастырған тағы бір қала тұрғыны да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Діни сипаттағы әдебиетті жергілікті атқарушы органдардан рұқсаты бар сауда орындары ға сата алады. Басқа жағдайда діни қызмет туралы ҚР заңнамасын бұзу болып табылады», - дейді СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмаз Шитқанов. Биыл өңірде заңды бұзған 11 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер