USD
USD
USD

Динара Сәтжан қаралы хабар жеткізді

Қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің Instagram парақшасында коронавирустың кесірінен тәтесінің көз жұмғаны туралы хабарлады.

Динара Сәтжан қаралы хабар жеткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бүгін біз сүйікті тәтемізден айырылдық. Сыздықова Майя Қинайқызы. Әдемі, мықты, дана әйел 67 жасқа толмай кетіп қалды. Ана, әйел, әже, қыз, әпке, тәте біздің үлкен Сатжановтар отбасының көз жанары болған.

45 жыл бұрын Сәтжанның (менің атам) кенже ұлы ауылға қалалық қыз алып келді. Кенжебай көке мен Майя тәтесі Қарағандыдағы политехте бір курста оқыды. Майя тәте сол кезде қазақ тілінде сөйлей алмады, бірақ біртіндеп тілін, дәстүрлерін, отбасылық салттарын үйренді.

Біздің бірде-бір отбасылық іс-шарамыз Майя тәтеміздің қатысуынсыз болған жоқ. Оның дауысы өте әдемі болды. Студент кезінде Кенжебай көкемен бірге "Жас кенші" ансамблінде өнер көрсеткен.

Ол өте іскер, креативті, шығармашыл, көңілді адам болатын. 60 жасында ағылшын тілін өз бетінше үйренді. Көп саяхаттады. Ол тау-кен инженері бола тұра үнемі жаңа мамандықтарды игерді. Ешқашан тоқтамады. Өткен жыл ол үшін қиын болды. Ол өзін ковидтен мүмкіндігінше қорғады, бірақ мына індет оны жеңіп кетті", - деп жазды Динара Сәтжан.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян