USD
USD
USD

Динара Зәкиева жасөспірімдердің 5 жасар қызды зорлауына қатысты жағдайға түсінік берді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Қостанайда кәмелетке толмаған жасөспірімдердің 5 жасар қызды зорлауына қатысты жағдайға ресми түсінік берді.

Динара Закиева
Фото: Мәжәләс

Алматы, NEGE.  – Кәмелетке толмағандар тобының бес жасар қызға зорлық-зомбылық көрсету фактісіне қатысты, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлаймын. Біз Қостанай облысы бойынша облыстық комиссармен және Ішкі істер департаментімен жұмыс істеп жатырмыз, – деп жазды Д. Закиева Instagram парақшасында.

Қостанай облысы бойынша аймақтық комиссар Несібелі Бәсенова да ресми түрде түсінік берді. Ол өтініш берген күні анасымен кездескенін айтты.

– Бес жасар қыздың кәмелетке толмағандар тобына қатысты зорлық-зомбылық фактісі бойынша қазіргі уақытта өндірістегі қылмыстық іс жүргізіліп жатқанын хабарлаймын, сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, 2024 жылдың 25 шілдесінде жұма күні жәбірленуші қыздың анасымен Қостанай облысы бойынша өңірлік уәкіл ретінде маған жүгінген күні кездестім, әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді. Істің мән-жайы анықталды. Баланы қайта әлеуметтендіру үшін психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ практикалық психология бөлімімен жәбірленуші қызды және оның анасын жоба сарапшысының психо-түзету сүйемелдеуімен «кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы мен ерте жүктілігінің алдын алу» жобасына қосу ұсынылды, – деп жазды Н.Басенова Instagram парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Павлодар маңында Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды

тікұшақ

Қазақстан Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттауы мүмкін

Бензин, дизель

Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтардың қазасына қатысты пікір білдірді

Ербаян Мұхтар

Қазақстаннан Қырғызстанға құны 37 млрд теңге болатын 190 мың тонна бензин заңсыз шығарылған

бензин контрабандасы