USD
USD
USD

Динара Закиева Алматы қаласындағы балалар үйін Қонаевқа көшіру мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Алматыдағы №1 балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады.

Динара Закиева
Фото: Мәжәләс

Алматы, NEGE. Динара Зәкиева №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен және Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті.

«Мен қазір Алматы облысында балалар үйінің мәселесі бойынша балалардың облыс әкімімен кездесуіне қатысып отырмын», - деп жазды Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Алматы облысының әкімімен өткен кездесудің қорытындысы бойынша келесі ақпаратпен бөлісті:

– Баганашылдағы балалар үйінде тұрып жатқан балалар осы үйде қала береді;
– Жаңа ғимарат Нүсіпбаев атындағы интернаттың балаларына беріледі (бұған дейін ол жерде жағдайдың өте нашар екенін және балаларға тиісті жағдай жасалмағанын жазған едім);
– Жаңа ғимараттың бір корпусын Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына береді, ол жерге облыстың барлық ауданынан келген балалар қабылданады, осылайша оларды қалаға тасудың қажеті болмайды.

Динара Зәкиева бұл мәселе бойынша толық ақпаратты алдағы уақытта әкімдік жариялайтынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян