USD
USD
USD

Динара Құлыбаеваға тиесілі ҚБТУ мемлекетке қайтарылды

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі олигарх Тимур Құлыбаевтың отбасы Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) бақылауды тоқтатты.

ҚБТУ
Фото: 2ГИС

Алматы, NEGE. «Акционерлердің құрамы туралы және эмитенттің дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлердің құрамында өзгеріс бар. ҚБТУ-дың жаңа иесі – «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС», – делінген ресми құжатта.

Құжатқа сәйкес, білім ордасының акционерлері 27 ақпан күні ауысқан. 

Бұған дейін Алматыдағы ҚБТУ-дың иесі Динара Құлыбаева негізін қалған «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру» қоры болатын.

ҚБТУ Қазақстан Үкіметінің 2001 жылғы 3 тамыздағы қаулысымен құрылды. Қазақстан жағынан құрылтайшысы – үкімет, ал уәкілетті орган – Білім және ғылым министрлігі. Британия жағынан ҚБТУ серіктестері Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі және оның басты өкілі Британ Кеңесі болды. 2003 жылы университет «ҚазМұнайГаздың» меншігіне өтіп, ұлттық компания сол кезде жалғыз акционер болды. 2018 жылы жекешелендіру бағдарламасы аясында ҚБТУ Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорына сатылды.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу