USD
USD
USD

«Динамо» «Барыстан» басым түсті

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлады

«Динамо» «Барыстан» басым түсті
Фото: NEGE.kz

Kazinform.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында командалар алғашқы екі кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Дегенмен елордалық хоккейшілер тарапынан жиі тәртіп бұзу тіркеліп, олар үш мәрте айдыннан қуылды.

Беларусь хоккейшілері бір мәрте тәртіп бұзды.

Үшінші кезеңде де ойын барысында қос команда шабуылға жиі көңіл бөлді.

Ойынның 53-минутында «Динамо» сапынан Александр Волков есеп ашса, 58-минутында қазақстандық Әділ Бекетаев таразы басын теңестірді.

Негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда минскілік клубтан Вадим Мороз жеңіс шайбасын соғып кетті.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Енді қазақстандық клуб алдағы ойынын 29 қазанда елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына қарсы өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors