USD
USD
USD

Дін сабағынан қашпақ болған жас бала бесінші қабаттан құлап кетті

Ташкентте балаларға дінді заңсыз үйреткен ер адам оқушыларын ұрып-соққан. Балалардың бірі сабақтан қашып кетпек болғанда, бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дін сабағынан қашпақ болған жас бала бесінші қабаттан құлап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ташкенттің Шайхантахур ауданында Қашқадария облысының тумасы заңсыз және зорлық-зомбылықпен оқытатын дін сабағынан қашпақ болған оқушы бесінші қабаттан құлады. Бала ұзартқыш сымнан ұстап тұрып, артынша құлап кеткен.

Бала ауруханаға жеткізілді. Болған жайтты полицияға жедел жәрдем дәрігері хабарлаған.

Тергеу барысында діни білімі жоқ 1995 жылғы ер адам жалдамалы пәтерде ер балаларға дін үйретіп, әрқайсысынан 200 000 сум (7 600 теңге) алғаны анықталды.

Бұған қоса ол балаларды ұрып-соққан. Балалардың туыстары одан бейхабар болғанын айтады.

Ер адам кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Баланы тәрбиелеу мен оқытуда өз міндетін орындамағаны үшін балалардың ата-анасы да жауапқа тартылды.

Балаларға келтірілген жарақаттың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.