USD
USD
USD

Димаштың коронавирусқа қарсы күреске арналған әні алтын сертификатқа ие болды

Дүниежүзіне танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің коронавирусқа қарсы күреске арналған әні Қытайдың музыкалық платформасында алтын сертификатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаштың коронавирусқа қарсы күреске арналған әні алтын сертификатқа ие болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Димаш Құдайбергеннің «We Are One» әні Қытайдың QQ Music платформасында алтын сертификатты иеленді. Жанкүйерлерінің қолдауының арқасында сингл 1 млн танымалдылық индексін жинады», – делінген Instagram-дағы dimash.news парақшасында. Димаш коронавирус пандемиясына қарсы күреске ән арнағаны бұған дейін хабарланған еді.

«We Are One» (Біз біргеміз) атты жаңа әніне түсірілген бейнебаян ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Синьхуа жаңалықтары| Xinhua News» парақшасында жарияланды. Бейнебаянда вирустың алғашқы ошағы Ухань қаласы , дәрігерлер, волонтерлер, маска таққан адамдар, гуманитарлық көмектің қабылдануы, дүкеннің бос қалған сөрелері көрсетілген. Видео соңында аспандағы бұлт сейіліп, дәрігерлердің қуанышы, маскаларын шешіп тастаған балалардың мәз-мейрам кезі көрсетілген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков