USD
USD
USD

Димаштың "Бір аспан тарихы" атты жаңа бейнебаяны жарық көрді

23 қыркүйекте Димаштың Алматыдағы жеке концертінде әртістің «Бір аспан тарихы» авторлық композициясының премьерасы өтті. 24 қыркүйекте әртістің жанкүйерлермен фан-кездесуінде көрермендер алғаш рет осы туындының бейнбаянын тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаштың "Бір аспан тарихы" атты жаңа бейнебаяны жарық көрді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көптеген музыкалық тақырыптар мен тәсілдерді пайдаланатын күрделі туынды – Димаш Құдайбергеннің үш жылдық композиторлық еңбегінің нәтижесі, деп жазады Dimashnews.com.

Фильм Димаштың өзі жазған әңгімесінің желісі бойынша, оның сценарийі бойынша түсірілді.

Бұл клип соғыс туралы емес, бейбітшілік туралы. Мұндағы соғыс – бір-бірімізге деген сүйіспеншілікті жоғалтқан кезде болатын нәрселердің контрастын білдіретін құрал. Балаларымыздың өмірін, сүйіспеншілігін, достығын, жерін сақтау үшін ұлттық, әлеуметтік, діни ұстанымдар бойынша бір-бірімізді бөлуді тоқтатуға, бірлікке шақыру туралы.

Бұл бейнебаянның тизері 2022 жылы 12 қыркүйекте жарияланған болатын. Ол "әлемдегі ең қымбат бейнебаян" деп аталды.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити