USD
USD
USD

Димаштың аты Марсқа жетті

18 ақпанда Perseverance атты жаңа ровер Марс бетіне қонды. Ғылыми жабдықтармен қатар, ол Қызыл планетаға миллиондаған адамның есімдерін жеткізді.

Димаштың аты Марсқа жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Олардың арасында Димаш Құдайбергеннің есімі де бар, деп хабарлайды  dimashnews.com сайты.

Perseverance ровері 2020 жылдың 30 шілдесінде алыс сапарға аттанып, жеті айға жуық уақыттан кейін Қызыл планетаға сәтті қонды.

Fox News жазуынша, Perseverance – технологиялық жағынан ең дамыған робот және оны Марсқа NASA жіберіп отыр. 2,7 миллиард доллар тұратын робот бір марстық күн ішінде орташа есеппен 200 метрді бағындырып отырады.

Ол ұзындығы шамамен 2 метр манипулятор қолымен, бұрғылаумен және ғылыми құрылғылармен жабдықталған. Оның ішінде жоғары технологиялы түсірілім камерасы, ауа райын өлшеуге және шаңды бақылауға арналған сенсорлар, рентген жүйесі және тау жыныстарының химиялық құрамын өлшеуге арналған камера жүйесі бар.

Сондай-ақ, Perseverance Марсқа коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлердің құрметіне жасалған ескерткіш тақтаны, сондай-ақ NASA-ның «Марсқа өз есіміңді жібер» акциясына қатысқан 11 миллионға жуық адамның аты жазылған тырнақ көлеміндегі 3 кремний чипін жеткізді.

АҚШ, Түркия, Ресейді қоса алғанда, түрлі елдердегі жанкүйерлер тақтайшаға Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің есімін жазуды ұсынды. Perseverance роверінің Марстағы мақсаты – ежелгі өмірдің белгілерін іздеу және планетаның бетін зерттеу. Оның миссиясы шамамен екі жылға созылады деп күтілуде.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.