USD
USD
USD

Димаштың әні АҚШ-тың Channel R радиосында шырқалды

Димаш

Димаштың әні АҚШ-тың Channel R радиосында шырқалды
Фото: NEGE.kz

Құдайбергеннің «Zhalyn» композициясы алғаш рет америкалық Channel R Radio-сында шырқалды. Дегенмен, бұл қазақстандық әншінің аталған радиостанция эфиріне шыққан бесінші әні, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Димаштың қазақ тіліндегі әні Америка радиосында айтылуы оның жанкүйерлерінің арқасында мүмкін болған. Олар күн сайын оның әнінің қойылуын сұраған. Бұған дейін Channel R радиосында Д.Құдайбергеннің Fly Away», «Be with me», «Golden» және «Screaming» композициялары шырқалған еді.

Сиэтлдегі R Channel радиостанциясы 2020 жылдың ақпанында құрылды. Эфирде тәулік бойы заманауи хиттер мен тыңдаушылардың ең сүйікті әндері ойнайды. Мұнда поп-музыкадан R&B, рок, рэп және электронды музыкаға дейінгі барлық жанрды тыңдауға болады.

Channel R жұмысының негізгі қағидасы – дыбыс жазу компаниясы қалаған әуендерді емес, тыңдаушыларға ұнайтын композицияларды тарату. Сондықтан, радио апта сайын тыңдаушылар арасында дауыс беру өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы