USD
USD
USD

Димаштың жаңа әні Латын Америкасы радиосынан берілді

28 ақпанда Латын Америкасының «Andromeda» радиостанциясының «Димаштың ғаламы» бағдарламасында қазақстандық өнерпаздың «When I’ve Got You» атты жаңа әні алғаш рет шырқалды, деп жазады dimashnews.com.

Димаш Құдайберген
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тыңдаушыларға шығарма ұнағаны сонша, олар радиожүргізушілерден оны қайта қоюын өтінді.

Universo Dimash («Димаштың ғаламы») бағдарламасы алғаш рет осыдан тура бір жыл бұрын, 2023 жылдың 1 наурызында Қазақстанда Алғыс айту күні мен Наурыз мейрамының қарсаңына орай эфирге шыққан еді.

Димаштың әндері алғаш рет 7 ақпанда Мексика радиосынан шырқалған болатын. Ал бұны ұйымдастырған әншінің халықаралық Mahabbat Dears фан-клубы еді.

Эфирдің тыңдаушылар арасында үлкен толқу мен сұраныс тудырғаны сонша, Andromeda Radio жүргізушілері толығымен қазақстандық орындаушының шығармашылығына арналған жаңа бағдарлама жасауды ұйғарды. «Димаштың ғаламы» атты бағдарлама құрылғаннан бері эфирде 14 эпизод жарық көрді.

28 ақпан күнгі радиостанцияда қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің көптеген туындыларының шығу тарихы баяндалып, әндері шырқалды. Тыңдармандар «When I’ve Got You» жаңа әнінің тұсаукесерінен ләззат алып, сондай-ақ: Battle of Memories, Neverland, War and Peace, Our Love, Be Happy, The meaning of eternity, Restart my love, The Crown және т.б. қытай әндерін ерекше әсермен тыңдады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков