Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Димашты жақсы көретін ресейлік қыз тегін Құдайбергенова деп өзгертіп алды

Ресейдің Ростов облысы Шахты қаласының тұрғыны Кристина Алексеенко танымал қазақстандық әртіске деген сүйіспеншілігіне байланысты тегін ресми түрде Кудайбергенова деп ауыстырған, - деп хабарлайды Liter.kz.

Димашты жақсы көретін ресейлік қыз тегін Құдайбергенова деп өзгертіп алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Мен Димашты жақсы көремін. Ол керемет адам, талантты әнші. Мен одан 3 ай 1 күн үлкенмін. Оны алғаш рет 2019 жылдың 7 қыркүйегінде Андрей Малаховтың "Привет, Андрей!" шоу бағдарламасында көрдім. Шығарылым Игорь Яковлевич Крутойдың мерейтойына арналды. Димашты көргенде бірден ұнаттым, көзіне ғашық болдым.  Бағдарламада шырқаған "Знай" әніне, дауысына ғашық болдым. Осы күнге дейін бұл менің сүйікті әнім", - деді бойжеткен.

Оның айтуынша, ата-анасы мен әжесі қайтыс болған кезде оның аман қалуына Димаштың әндері көмектескен.

Бұған дейін Димаштың Швейцариядан келген жанкүйері әртістің қазақ тілін үйренуіне түрткі болғанын айтса, неміс радиосы бағдарламаны қазақстандық әншіге арнаған.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп