USD
USD
USD

Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтап барды (видео)

Үнемі үлкендердің ақ батасын алып жүретін әлемдік әнші күні кеше 93 жасқа толған өнердегі апасын арнайы құттықтай барды.

Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтап барды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Желіге жүктелген бейнежазбада ол өнердегі апасына  гүл шоғын беріп, соңынан құлағына сырға тағып қуантады.

 Димаштың алдынан шыққан Бибігүл Ахметқызы: «Айналайын, сапарларыңнан шаршап келгеніңе қарамастан, маған сәлем бере келгенің үшін саған менің жасымды берсін!» деп батасын береді.  Бұдан соң өнер иесі өз ата-анасына хабарласып, құттықтау кезегін ұсынады.

«...Әлі есімде 2015 жылы «Славян базарына» барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де, Америка елінде де, басқа мемлекеттерде де жарыста жүрген кездерімде әрқашан бата беріп шығарып салатын кездеріңіз мәнгі есімде қалады. Қазақ ән өнерінің – анасы екендігіңіз сөзсіз.

Бибігүл апа, сізге, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, 95 және 100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге, барлық жастарға үлгі өнеге! Қазақ қоғамы апамыздың өнерін сақтап, ғасырдан ғасырға жеткізу әр азаматқа парыз!» – деп жазды Димаш бейнежазба соңына.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу