USD
USD
USD

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

 Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» атты әнге түсірген бейнебаяны жарыққа шықты. Туындының әнін танымал композитор Ренат Ғайсин, ал сөзін Данияр Алдаберген мен Орал Байсеңгір жазған.

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Негізінен, шығарма тақырыбына коронавирус індеті арқау болған. Бір күні таңертең дыбыс жазу студиясында Димашпен бірге жаңалық көріп отырған Ренат Ғайсинге осы әннің әуені келген. Композитор әрбір жаңалықты естіген сайын жанын қоярға жер таппай, оған дертке шалдыққандар мен коронавирус туралы ақпарат майданнан жеткен суыт хабар секілді көрінеді. Осының барлығын ой елегінен өткізген композиторға музыкалық әуен өздігінен келе бастады десе де болады…

Кенет телефонын жанына қойып, пианиноны бетке алған Ренат сол сәтте жүрегінен туындаған әуенді ойнап әкетеді. Бірнеше минуттан соң Ренаттың жанына жақындаған Димаш әуенді тағы ойнап беруін сұрайды. Әуенді басынан аяғына дейін үлкен әсермен тыңдап шыққан Димаш дереу жазып алып, орындауға ұсыныс жасайды. Саундпродюсер Ерлан Бекчурин аранжировкаға кіріседі, ақындар Данияр Алдаберген мен Орал Байсеңгір сөзін жазып, Димаш белгілі кинооператор Азамат Дулатовпен жаңа бейнебаянның идеясын талқылай бастады. Осылайша, эмоционалдық сәттен туындаған әуен жаңа жобаға ұласады», - делінген dimashnews.com сайтындағы хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.