USD
USD
USD

Димаш Құдайбергеннің туған күні Малайзияда ерекше аталып өтті

Қазақстандық әншінің фанаттары қатерлі ісікпен күресіп жатқан балаларға көмектесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Димаш Құдайбергеннің туған күні Малайзияда ерекше аталып өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Мереке Джорджтаун қаласындағы ауруханада өтті. Димаш фан-клубының мүшелері мен олардың достары 35 балаға ойыншықтар, кәдесыйлар және жеке гигиена құралдарын сыйға тартты.

Қазақстан елшілігінің өкілі фан-клуб пен аурухананың кішкентай емделушілеріне Қазақстанға байланысты естелік сыйлықтар табыс етті. Әдеттегідей, туған күн дастарханында Димаштың бейнесі бар торт болды. Қазақстандық әнші бүгін 28 жасқа толды. Оның жанкүйерлері Малайзияда жыл сайын 24 мамырда кумиріне арналған түрлі шаралар өткізеді.

Азуа Али, Димаштың жанкүйерлер клубының администраторы:

- Димаш – бәрі бір-бірін ойлайтын, біртұтас әлемді көруді армандайтын, қазақтың аса құрметті өнерпазы. Оның жырларындағы лебіздері көптің жүрегін елжіретіп, игі істерге баулиды. Димаш балаларды қолдайды, өйткені олар – біздің болашағымыз. Оның туған күніне орай, жанкүйерлері қатерлі ісікке шалдыққан балаларға қолдау көрсетіп, оларға сыйлықтар жіберу арқылы махаббат пен қуанышпен бөлісуді шештік. Бұл олардың көңіл-күйлерін көтеріп, емделу жолында олардың жүздеріне күлкі сыйласын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ұлттық банк, ҰҚК және Жоғарғы сот кеңесінің төрағаларын қайта тағайындады

Сүлейменов, Сағымбаев, Малахов

Құрылтай сайлауы мінсіз ұйымдастырылды – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда байланыс операторларына 300 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Айыппұл

Қазақта жүзге кірмейтін рулар көп – тарихшы

Қазақ рулары