USD
USD
USD

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы Венгрияда насихатталады

 Венгрияда музыка пәнінің мұғалімі және музыкалық терапевт Габриэлла Наги Венгрияның «Zene» атты ірі музыкалық басылымдардың бірінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады, деп хабарлайды Dimashnews.com сайты.

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы Венгрияда насихатталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Габриэлла Наги – бұл еңбектің авторы әрі Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті азаматтардың бірі. DimashNews-қа берген сұхбатында Габриэлла журналда «қазақтың ән шырқайтын феномені» туралы мақалалар топтамасын жариялауды жоспарлап отырғанын баяндады. Автор бірінші мақалада әнші туралы қысқа ақпарат беріп, Димаштың көптеген жанкүйерлері оның орындауында алғаш рет естіген «S.O.S» әні туралы жазған. «Димаш Венгрияда ешқашан концерт бермеген, сондықтан ол туралы мұнда көбі білмейді. Мен ең танымал музыкалық веб-журналға бірнеше мақала жазып, сол арқылы венгриялық аудиторияның оның шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруды жоспарлап отырмын», - деп бөлісті Габриэлла.

Венгрияның «Zene» музыкалық журналы 2009 жылы құрылған. Сол кезден бері елдегі ең танымал әрі көп оқылатын басылымдардың біріне айналды. Оның негізгі мақсаты – оқырманға Венгрияның, әлемнің музыкалық индустриясындағы басты оқиғалар туралы баяндап беру. Facebook желісінде журналға жазылушылар саны 65 мың адамнан асып отыр, ал Twitter-де олардың саны 14 мыңнан асқан. Еске сала кетсек, жақында композитор Игорь Крутой әлеуметтік желілердегі жазылушыларына жақсы жаңалығын жеткізді – ол Димаш Құдайбергенмен бірге пандемия кезінде жаңа ән жазуға дайындалып жүр. Әннің атауы – «Мен сені сағынып жүрмін» («Я скучаю по тебе»), әннің өлең жолдарын композитордың досы Игорь Николаев жазды. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер