USD
USD
USD

Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі алғашқы альбомы шығады 

  Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі алғашқы альбомы жарыққа шығады.

Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі алғашқы альбомы шығады 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Карантинде елге келіп, ең алғашқы қазақша альбомымды жинақтаудың сәті түсті. Қасымдағы кісіні таныстырмаса да болады. Атақты Марқұм Батырхан ағамыздың репертуарындағы «Отан ана», «Сағым дүние», «Қайран көңіл-ай» сынды талғамы биік көрерменнің жүрегін жаулаған әндердің авторы, нағыз қазақ композиторларының ұстазы - Қуат ағамызбен студияда жұмыс барысында», - деп жазды Димаш Instagram парақшасында. Сонымен қатар ол композитор Қуат Шілдебаевпен 3 жылдан бері кездесе алмай жүргенін айтып өтті. «Мен Бейжіңде жүргендіктен Қуат аға екеуміз 3 жыл бойы кездесе алмай енді ғана кездесудің сәті түсті. Осындай ұлы композитормен жұмыс жасаудың өзі үлкен бақыт қой», - деді әнші. 

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.