USD
USD
USD

Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концертіне әлемнің 68 елінен жанкүйерлер келді

  2022 жылдың 23 қыркүйегінде Димаш Құдайбергеннің Қазақстандағы ең үлкен және аты аңызға айналған спорт ғимараттарының бірі - Орталық стадионда «Stranger» атты үлкен жеке концерті өтеді, деп хабарлайды әртістің баспасөз қызметі. 

Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концертіне әлемнің 68 елінен жанкүйерлер келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Димаш Алматыда алғаш рет жеке концертін береді. Қазақстанға әлемнің 68 елінен Димаш Құдайбергеннің ерекше дауысын тірідей есту үшін жанкүйерлері арнайы келді. Концертті ұйымдастыруға 200-ден астам маман жұмылдырылған. Концертке 400 волонтер қолдау мен көмек көрсетеді. Көрермендерді ультразаманауи шоу күтуде.

Концертте Димаш Құдайберген 31 ән орындайды. Шоу барысында әртісті өзінің бэнд-тобы сүйемелдейді. Онда баршаның сүйіп тыңдайтын композицияларымен қатар, жаңа туындылар да шырқалады. Осы концертте Димаш алғаш рет інісі Әбілмансұр Құдайбергеннің сөзіне жазылған әнді орындайды. Бұл әйгілі француз музыканты FKJ шығармашылығынан шабыттанған стильді жастар әні. Маэстро Ренат Гайсин жазған авторлық аспаптық шығарманы Әбілмансұрдың өзі де орындайды.

Кеште Қазақстанның Мексикадағы елшілігінің көмегімен жазылған Димаштың испан тілінде жақында жарияланған шығармасы орындалады. Сондай-ақ «Бір аспанның хикаясы» атты авторлық композициясы орындалады. Концертке халықаралық бишілер ұжымы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі қатысады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

.

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Сот

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Мәжіліс

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді

Депутат