USD
USD
USD

Димаш Құдайберген жаңа келісімшартқа қол қойды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы IPZ продюсерлік агенттігімен келісімшартқа қол қойды.

Димаш Құдайберген жаңа келісімшартқа қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Димаш – Құрама Штаттарды енді бағындырып келе жатқан дарынды әнші. Ол өзінің онсыз да сәтті мансабын кеңейтуге мүмкіндік алады, шәкірт тәрбиелейтін әлемдік брэндтерге қол жеткізеді», – деді IPZ басқарушы серіктесі Роберт Зито.

IPZ – кәсіби спортшыларға, телеарна және сандық медиа мамандары, сонымен қатар ойын-сауық саласына арналған қызмет түрлерін ұсынатын агенттік.

Компания келісімшарт орнатуды ұсынады, маркетинг пен медиа, қоғаммен байланыс және клиенттердің мансабын жоспарлауға қатысты кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған