USD
USD
USD

Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "Мен сені сағындым" әніне арналған музыкалық бейнебаянының премьерасы 23 желтоқсанда өтеді.

Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында бейнебаянның үзіндісін жариялады. Ал клипті әншінің YouTube-тегі арнасынан көруге болады.

"Dears (әншінің жанкүйерлері), менің жаңа клипімнің премьерасы 23 желтоқсанда менің YouTube каналымда өтеді. Жіберіп алмаңыздар", - деп жазды әртіс.

Айта кетейік, жуырда композитор Игорь Крутойдың музыкасына және Игорь Николаевтың сөзіне жазылған  "Я скучаю по тебе" ("Мен сені сағындым") әнінің премьерасы Мәскеуде өтті.

Клипте әнші драмалық кейіате көрінеді. Бос мегаполис ішінде ол портреттегі қызға деген сезімін мойындайды.

Әншінің жанкүйерлері оның жаңа туындысының шығуын асыға күтетінін жазып, оны қолдады.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт