USD
USD
USD

Димаш Құдайберген шахтада қаза тапқандардың отбасына 20 миллион теңге аударды

Бұл туралы әлеуметтік желіде ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы жазды.

Димаш Құдайберген шахтада қаза тапқандардың отбасына 20 миллион теңге аударды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Димаш Құдайберген шахтада әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды. Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қолұшын созып жатыр. Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бұл сауапты істен сырт қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға кеше 1 миллион теңгеден аударды. Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Канат Айтбаевқа хабарласып ем, растады. Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаш атқа мінгелі ғана емес, бұрыннан солай. Бірақ мына хабарды ел білуі керек қой. Димаштың бұл ісін басқа да өнер иелері жалғастырып әкетсе, кәнеки! Осы мақсатпен жариялап отырмын", - деп жазды Бауыржан Бабажанұлы.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама