USD
USD
USD

Димаш Құдайберген Өзбекстандағы Төле би кесенесіне барды

Әнші, музыкант Димаш Құдайберген Өзбекстанда жүр. Ол Instagram-дағы парақшасында Ташкентке сапарында Мәдениет және туризм министрі Озодбек Ахмадұлымен бірге Шейх Хованди Тохур мен Төле би кесенелерін аралағанын айтты.

Димаш Құдайберген Өзбекстандағы Төле би кесенесіне барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төле би 17-ғасырда шейх кесенесінің айналасына жерленген. Қарлығаш әулие деген атпен белгілі бұл кісі қазақ халқының бас билерінің бірі, «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі болған.

"Ескі Ташкенттегі Себзор массивіндегі хазірет Имамның (Хастимам) бейітін де зиярат еттік. «Муйи Муборак» медресесінде сақталған хазірет Осман Мұшафидің Құран Кәрімнің ең көне данасын көру бақытына ие болдым. Бұл мүбәрак Құран 7-ғасырда (644-648 жж.) үшінші халифа Осман ибн Аффанның (Алла оған разы болсын) бұйрығымен бұғы терісіне көшірілген. Сапарымызда өзбек қолөнерінің үлгілерін тамашалаудың сәті түсті", - деді Димаш Құдайберген.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева