USD
USD
USD

Димаш Құдайберген мен Рухия Байдүкенованы не байланыстырады?

Қазақстандық жас әнші, "Славян базары" халықаралық байқауының Гран-при иегері Рухия Байдүкен жеңістен кейінгі өз әсерімен бөлісті.

Димаш Құдайберген мен Рухия Байдүкенованы не байланыстырады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рухия Байдүкенова әнші Димаш Құдайбергеннің қолдау көрсеткенін атап өтті.

"Димаш Құдайберген байқауға дейін өз кеңестерін беріп, қолдау көрсетті. Әсіресе вокал жағынан сүйемелдеу көрсетті. Байқау басталған соң біз сөйлеспедік, өйткені ол төреші, ал мен қатысушымын. Сондықтан біз сайыстың әділ өтуін қаладық. Мен адал адаммын, ол да адал. Сондықтан байқау басталғанда вокал жөнінде ақылдасатын болсақ, әділетсіз деп ойлаймын", – дейді ол.

Бұған дейін жерлесіміз Рухия Байдүкеннің Витебскіде өткен "Славян базары" байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. 14 мемлекеттен келген қатысушы славян елінен шыққан композитордың туындысын славян тобына жататын тілдің бірінде оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Байқау нәтижесінде қазақстандық Рухия Байдүкенова Гран-при иегері атанып, "Алтын лира" мүсіншесімен бірге 20 мың АҚШ долларына ие болды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы