USD
USD
USD

Димаш Құдайберген Қытайға кетті

  Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайға оралу туралы шешімін Instagram-дағы парақшасында мәлім етті. 

Димаш Құдайберген Қытайға кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Достар, әлемдік шоу-бизнестегі жұмысымды жалғастыру үшін 2 жылдан кейін Қытайға оралғанымды хабарлаймын. Бұл кездесуді дүниежүзілік карантинге байланысты 2 жыл күтуге тура келді. Бір айға жуық уақытты оқшаулануда өткіздім, осы мерзім ішінде Қытайдағы командаммен іске асыратын көптеген жоспар құрып қойдым», – деп жазды әнші. Димаш сондай-ақ егер карантинге байланысты тыйым болмаса әлемнің барлық еліндегі түрлі концерттер мен телевизиялық түсірілімдерге қатысатынын айтты. «Иә, әлемдегі карантин менің жоспарларыма әсер етті. Бірақ осы сәттен бастап сіздерді шығармашылығыммен одан да көбірек қуантатын боламын. Сіздерді жақсы көремін!», – деді Д.Құдайбергенов.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы