USD
USD
USD

Димаш Құдайберген Еуропадағы концерттерін тоқтатты

Димаш Құдайберген коронавирустың әлемде кең таралуына байланысты "Арнау" гастрольдік сапарын кейінге қалдырды.

Димаш Құдайберген Еуропадағы концерттерін тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында хабарлады.

«Құрметті Dears! "Arnau Tour" әлемдік туры аясындағы концерттер кейінге қалдырылғанын өкінішпен хабарлаймын. Коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттерім тоқтатылып, басқа уақытқа жоспарлануда. Қабылдаушы тараптармен келісіліп, концертердің өтетін күні анықталған соң, алдын ала жарияланады. Мен сіздің маған құрметіңіз бен ықыласыңызды жоғары бағалаймын және сіз де мен сияқты концерттерді асыға күткеніңізді білемін. Бірақ дәл қазіргідей қиын кезеңде біз ең алдымен денсаулығымызды қадағалап, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек. Жақын арада біз сіздің денсаулығыңыз жақсы, көңіл-күйлеріңіз керемет болатынына сенімдіміз. Басымыз аман, бауырымыз бүтін, төрт құбыламыз тең болсын!» - деп жазды Димаш Құдайберген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy