USD
USD
USD

Димаш Құдайберген Billboard хит-шеруінде ТОП-10 енді

  Димаш Құдайбергеннің «Fly Away» әні Billboard's Hot Trending Songs хит-шеруінде 6 орынға шықты. 

Димаш Құдайберген Billboard хит-шеруінде ТОП-10 енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Billboard's Hot Trending Songs – «Billboard» атты америкалық музыка журналының жаңа чарты. Бұл чарт әншілердің әні мен есімі Twitter қолданушыларының арасында қанша рет аталғаны бойынша рейтинг түзеді. Ал Billboard журналы жаһандағы музыкалық тенденцияларды және олардың нақты уақытта қалай талқыланып жатқанын бақылайды. Осыдан кейін бақылау қорытындысын басқа чарттардың нәтижесімен бірге жариялайды.

Өткен аптада «Fly Away» ең трендтегі әндердің алғашқы жиырмалығына еніп, 19-шы орынға ие болған еді. Осы аптаның қорытындысы бойынша Димаштың композициясы Twitter-дегі ең көп айтылатын және талқыланатын әндердің ондығына кірді. Осылайша бір аптаның ішінде 13 сатыға көтеріліп, 6-орынға шықты. Димаш «Fly Away» композициясын алғаш рет 24 тамызда «Новая волна» фестивалінде ұсынған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы